zsk@gic.kz

Компания туралы ақпарат

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан былай — Қоғам) 11.12.2003 жылы құрылды, сақтандыру қызметін ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі 06.12.12 жылы берген №2.1.37 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.
"Астық сақтандырү компаниясы" АҚ акционерлік коғамының ірі қатысушы жеке тұлғасы: Тлеубаев Нурлан Сатапбергенович.

Сақтандыру қызметі «жалпы сақтандыру» саласы, класстар бойынша жүзеге асырылады:

Ерікті сақтандыру формасында:

  1. жүктерді сақтандыру;
  2. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының6 бабы 3 тармағы 3) — 7) тармақшаларында көрсетілген класстардан басқа зияннан мүлікті сақтандыру;
  3. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағы 3) — 11) тармақшаларында көрсетілген класстардан басқа азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
  4. бақытсыз оқиғалардан сақтандыру;
  5. займдарды сақтандыру;
  6. басқа қаржылық шығыннан сақтандыру;

Сақтандырудың міндетті формасында:

  1. көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  2. өсімдік шаруашылығында сақтандыру;
  3. қызметтері үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  4. еңбектік (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  5. тасымалдаушының жолаушылар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  6. міндетті экологиялық сақтандыру.

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ сапа саласындағы саясаты

Қоғам 4 жылдан астам уақыт ішінде сақтандыру саласында сенімдік эталонын көрсетті, Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа кіруіне белсенді ықпал жасады. Клиентке бағытталған менеджмент аясында Қоғам мүлікті, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті, өсімдік шаруашылығын сақтандыру саласында мақсат пен міндетті анықтады және жүзеге асыруда және сақтандырудың көп басқа түрлерін іске қосуда. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасының және нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қазіргі техникалық ресурстарға, білімді де білікті персоналға ие.

Біздің миссия

Әр клиентке сақтандыру өнімдерінің кең таңдауын және сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейін беру — Қоғамның басым бағыты. Басқарудың кешендік жүйелерін, жаңа технологиялар мен ресурстарды пайдалану — сақтандыру саласында қызмет көрсететін компаниялар арасында көшбасшы болуға, өз қызмет көрсетуінде сенімді гарант болуға мүмкіндік береді.

Біздің міндеттемелер:

Менеджмент жүйесін тынымсыз жетілдіруді:

  • сапалық менеджмент жүйесін тұрақты жетілдіру;
  • қабылданған міндеттемелер бойынша кепілді жауапкершілік;
  • кадрлар біліктілігін жүйелі жетілдіру арқылы жүзеге асырады.

Біздің мақсатқа қол жеткізудегі қағидаларымыз:

  1. Қоғамның барлық қызметкерлері өзара пайдалы серіктестікке бағытталған, өз клиенттерімен ашық та сенімді қарым-қатынаста негізделген жұмыс арқылы СМЖ-ны әрдайым жақсартуға және қызметті дамытуға жұмылдырылған. Біздің көркеюімізді біз кімге және кіммен жұмыс істеп жүргендердің көркеюімен байланыстырамыз!
  2. Сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу лауазымды міндеттерді білікті де кәсіпқой персоналдың орындалуынан басталады. Кәсіпқойлық — табыс негізі!
  3. Қоғам басшылары жұмыста белсенділік танытатын мамандарға жол беру арқылы сапа идеясын жоғары қояды!
  4. Сапаға жүйелі және үдерісті қарау — барлық қызметкерлердің міндеті!
  5. Өзінің іскерлік беделін сақтау арқылы «Астық сақтандыру компаниясы» АҚбарлық міндеттемелерін орындауда және өз тұтынушыларына шығынды жедел реттеуге кепілдік береді!
  6. Корпоративті мәдениет пен командалық рухты қалыптастыру — Қоғамның элементтерін бекітетін базис құру!
  7. Білікті кадрларға инвестициялар салу ұзақ мерзімді табыс негізін қалайтынын түсіне отырып, біз кәсіпқойлар командасын қалыптастырудамыз, тынымсыз білікті жетілдіруге көңіл бөлудеміз!

 

Лицензиялар