zsk@gic.kz

Жолаушылар алдында тасымалдаушының ақж міндетті сақтандыру

2003 ж. 1 шілдедегі № 444-II Қазақстан Республикасының Заңы

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы (2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

 Жүктеу - 2003 ж. 1 шілдедегі № 444-II Қазақстан Республикасының Заңы

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 ж. 1 шілдедегі № 444-II Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі - тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі болып табылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптері:
жәбірленушілердің мүліктік мүдделерін Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қорғауды қамтамасыз ету;
өзінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болған жағдайда тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы;
тараптардың тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі болып табылады.
Жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша сақтандырылуға жатады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін беру арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтініші тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты он екі ай мерзімге жасалады.
Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында мүліктің тауарлық құнының жоғалуын, сондай-ақ жәбірленушінің тауарларды жеткізудің немесе жұмыстарды жүргізудің (қызметтер көрсетудің) мерзімдерін, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де міндеттемелерді бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеуді қоса алғанда, жәбірленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеуді қоспағанда, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері заңмен бекітілген.
Тасымалдау кезінде жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру жағдайы деп танылады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға оның қайтыс болуына, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуына байланысты зиянның материалдық көрінісі жатады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде Заңға сәйкес айқындалады.

Рассчитайте и оформите страховой договор ОГПО перевозчика перед пассажирами сейчас!

Введите свой ИИН (Индивидуальный идентификационный номер) для поиска Вашей карточки в Единой Государственной Базе Данных. Если Вы не являетесь резидентом Республики Казахстан или собираетесь создать страховой полис в первый раз, зарегистрируйтесь в нашем личном кабинете для оформления договора.
Введите государственный номер или VIN-код транспортного средства, которое Вы хотите включить в договор.