zsk@gic.kz

Міндетті экологиялық сақтандыру

Қазақстан Республикасының Заңы

Міндетті экологиялық сақтандыру туралы (2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жүктеу - Экологиялық сақтандыру туралы заң

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:
- шығындарды өтеудің кепілдігі;
- тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;
- қоршаған ортаның авариялық ластануының алдын алуды экономикалық ынталандыру болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының № 93-III ҚРЗ 2005 жылғы желтоқсанның 13-і Заңы (бұдан әрі – Заң) реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушының арасында өміріне, денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғалардың және (немесе) зиян келтірілуі мүмкін қоршаған ортаның пайдасына Заң мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
Қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Жәбірленуші, сондай-ақ келтірілген зиянды сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегінде жәбірленушіге (залалды өтеткізуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.