zsk@gic.kz

Қауіпті объектілер иелерінің ақж міндетті сақтандыру

Қазақстан Республикасының Заңы

Қауіпті нысандардың міндетті сақтандыру туралы

Жүктеу - Қауіпті нысандардың міндетті сақтандыру туралы заңы

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы»
2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-II Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты қауіпті өндірістік фактор өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтірген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету;
объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз етуi болып табылады.
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi қауіпті өндірістік фактор өзінің үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянды өтеудiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады.
Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларациялануға жататын объектілер қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер болып табылады.
Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Заңға сәйкес үшiншi тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Қауіпті өндірістік фактор үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянды өтеу жөніндегі сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн аварияның, инциденттің себептерiн тексеру актiсiнiң, сот шешiмдерiнiң және келтiрiлген зиянның мөлшерi туралы деректер қамтылған басқа да материалдардың негiзiнде айқындайды.
Әрбiр үшiншi тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн төленетiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi Заңда белгіленген.
Пайда алушы (сақтандыру төлемін алушы) - ол үшiншi тұлға (ал ол қайтыс болған жағдайда - оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқығы бар тұлға) немесе келтiрiлген зиянды сақтандырушының Заңмен белгiленген жауапкершiлiгiнiң шегiнде үшiншi тұлғаға (зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлемiн алуға құқық алған өзге тұлға.

Рассчитайте и оформите страховой договор ОГПО ВТС сейчас!

Введите свой ИИН (Индивидуальный идентификационный номер) для поиска вашей карточки в Единой Государственной Базе Данных. Если Вы не являетесь резидентом Республики Казахстан или собираетесь создать страховой полис в первый раз, зарегистрируйтесь в нашем личном кабинете для оформления договора.
Введите государственный номер или VIN-код транспортного средства, которое Вы хотите включить в договор.