zsk@gic.kz

Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру

2004 жылғы 10 наурыздағы № 533-II Қазақстан Республикасының Заңы

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Жүктеу - Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңы
Жүктеу - Келісім-шарт дақылдардың стандартты нысаны

Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы №533-II Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары:
1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау;
3) өсiмдiк шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларына зерттеу актiсiнде тiркелген қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.
Сақтандыру сомасының мөлшері Заңда айқындалған міндетті сақтандыру ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді. Мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерi Қазақстан Республикасының шаруашылық міністірінің бұйрығымен бекітіледі.
Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.
Мазмұнына қойылатын талаптар Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.