zsk@gic.kz

Көлік құралдары иелерінің ақж міндетті сақтандыру

2003 жылғы 1 шілдедегі N 446-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы (2011.24.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Жүктеу - Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.
Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету;
көлiк құралын оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру полисi болған кезде пайдалану;
тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі №446-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Мынадай көлiк құралдары:
1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлiк құралы;
3) Заңның 5 бабының 1 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген (жоғарыда көрсетілген), жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.
Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Сақтандыру полисi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес берiледi және онда деректер базасынан алынған ақпарат, сондай-ақ бiрегей нөмiр болады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшiн сақтанушының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнiштiң мазмұнына қойылатын талаптар және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) стандартты;
2) кешендi.
Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.
Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:
1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;
2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерімен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.
Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығы пайда болған кезден бастап, бiрақ осы көлiк құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркелген (қайта тiркелген) кезден бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасасылуға тиiс.
Сақтандыру сыйлықақысы Заң бойынша есептеледі.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.
Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.

Рассчитайте и оформите страховой договор ОГПО ВТС сейчас!

Введите свой ИИН (Индивидуальный идентификационный номер) для поиска вашей карточки в Единой Государственной Базе Данных. Если Вы не являетесь резидентом Республики Казахстан или собираетесь создать страховой полис в первый раз, зарегистрируйтесь в нашем личном кабинете для оформления договора.
Введите государственный номер или VIN-код транспортного средства, которое Вы хотите включить в договор.