zsk@gic.kz

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандырушыларына (пайдакөрушілерге) төмендегідей түрлері бойынша сақтандыру портфелін беру жөнінде шешім қабылдағаны туралы хабарлайды:

1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 3) экологиялық міндетті сақтандыру; 4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупі бар нысандардың иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 5) қайғылы оқиғалардан ерікті сақтандыру; 6) мүлікті зиян келтіруден ерікті сақтандыру, ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" заңының 6-бабының 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында көрсетілген түрлерінен басқа; 7) өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру, 8) ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" заңының 6-бабының 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) и 11-2) тармақшаларында көрсетілген түрлерінен басқа азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру; 9) əуе көлігін ерікті сақтандыру; 10) əуе көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру; 11) «Jýsan Garant» сақтандыру компаниясы» АҚ-дағы жүкті ерікті сақтандыру жəне қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында қайғылы оқиғалардан «Мемлекеттік аннуитетті компания» өмірді сақтандыру бойынша компаниясы» АҚ-да міндетті сақтандыру.